140 балл

Аккаунтты қалай жоюға болады?

Аккаунтты жою үшін құпия сөзіңіз және аккаунтқа тіркелген электрондық поштаға кезекпен келетін екі код қажет.

Қолданбада

  1. 1«Бүгін» экранынан «Профиль» бөлімін ашыңыз. Төмендегі «Аккаунтты жою» түймесін басыңыз.
  2. 2«Құпия сөз» өрісін толтырып, «Әрі қарай» түймесін басыңыз. Бірінші кодты «Хаттағы код» өрісіне енгізіп, «Әрі қарай» түймесін қайта басыңыз.
  3. 3Себебін таңдап, «Әрі қарай» түймесін басыңыз. «Аккаунтты жоюдың қажеті жоқ» экраны ашылса, «Жоюды жалғастыру» түймесін басыңыз. «Неге қол жеткізе алмайсың» экранындағы тізімді оқып, «Әрі қарай» түймесін басыңыз.
  4. 4«Соңғы растау» экранында екінші хаттағы кодты «Хаттағы жаңа код» өрісіне енгізіп, «Аккаунтты жою» түймесін басыңыз.

Қолданбасыз

  1. 1Браузерден tutors.kz сайтын ашыңыз. Қолданбадағы электрондық пошта мекенжайы мен құпия сөзіңізді пайдаланып кіріңіз.
  2. 2Жеке кабинеттен «Баптаулар» бөлімін ашыңыз. Беттің төменгі жағындағы «Аккаунтты жою» түймесін басыңыз.
  3. 3Құпия сөзіңіз бен бірінші хаттағы кодты енгізіңіз. Себебін таңдап, қандай деректер жойылатынын оқыңыз да, екінші хаттағы кодпен жоюды растаңыз.

Бұдан кейін не болады?

Бірден

Аккаунтыңыз жойылады және одан барлық құрылғыда шығасыз.

Алты ай ішінде

Алты ай ішінде ойыңыз өзгерсе, бұрынғы поштаңыз бен құпия сөзіңізді пайдаланып кіріңіз. Аккаунтыңыз қалпына келеді.

Мерзім өткен соң

Алты ай ішінде қайта кірмесеңіз, аккаунт иесін анықтауға мүмкіндік беретін деректерді өшіреміз. Содан кейін аккаунтты қалпына келтіру мүмкін болмайды.

Жазылымды тоқтату үшін App Store немесе Google Play дүкенін ашыңыз.