1Жалпы ережелер
1.1. Осы саясат iOS және Android жүйелеріне арналған «140 балл» қолданбасын пайдаланушылар мен 140ballov.kz сайтына кірушілердің дербес деректерін өңдеу және қорғау тәртібін белгілейді.
1.2. Дербес деректер операторы — «Гусь и Пес» ЖШС (БСН 231040034995).
1.3. Саясаттың қолданыстағы нұсқасын және жаңартылған күнін осы бетте жариялаймыз. Дербес деректер бойынша 11-бөлімдегі мекенжайға хабарласа аласыз.
2Деректерді не үшін өңдейміз
2.1. Дербес деректерді өңдеудің мақсаты — деректерді жинау, біріктіру, тарату, беру және жүйелеу қызметтерін көрсету. Бұл қызметтер Tutors.kz онлайн платформасы арқылы репетитор іздеуге және таңдауға арналған.
2.2. Деректерді өңдеу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңын және өзге де қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа аламыз.
3Қандай деректерді өңдейміз
3.1. Осы сайтты пайдаланған кезде мына деректерді өңдейміз:
- құрылғыңыз туралы мәліметтер: техникалық сипаттамалары, құрылғыдағы ағымдағы уақыт пен күн;
- құрылғыңыздың желісі туралы мәліметтер: IP-мекенжайыңыз, желіге қосылу тәсілі және басқа деректер;
- кірген беттеріңіз туралы мәліметтер;
- кейбір басқа техникалық деректер.
3.2. «140 балл» қолданбасын тіркелмей пайдаланған кезде:
- құрылғыңыздың кездейсоқ идентификаторы;
- құрылғыңыз туралы мәліметтер: техникалық сипаттамалары, құрылғыдағы ағымдағы уақыт пен күн;
- құрылғыңыздың желісі туралы мәліметтер: IP-мекенжайыңыз, желіге қосылу тәсілі және басқа деректер.
3.3. «140 балл» қолданбасын тіркелген пайдаланушы ретінде пайдаланған кезде:
- 3.2-тармақта көрсетілген деректер;
- атыңыз, электрондық пошта мекенжайыңыз, аккаунт идентификаторы және кіруге қажет мәліметтер.
3.4. Қолданба тапсырмаларға берген жауаптарыңызды, жинаған балдарыңызды, тақырыптар бойынша оқу барысын, жоспарыңызды және қатарынан дайындалған күндеріңізді сақтайды. Мақсатты сақтасаңыз, таңдаған бағытыңыз, төртке дейін ЖОО, қалаңыз, ҰБТ тапсыратын жылыңыз бен толқыныңыз немесе күніңіз, сондай-ақ көрсеткен болсаңыз, ауыл квотасы туралы деректерді өңдейміз.
3.5. Көмекшіге жүгінгенде хабарламаларыңызды, оның жауаптарын және өзіңіз жіберген фотосуреттер мен кескіндерді өңдейміз.
3.6. Репетиторға өтінім жіберсеңіз, атыңызды, телефон нөміріңізді және өзіңіз көрсеткен басқа деректерді өңдейміз. Сынақ нәтижелерін бөліссеңіз, өтінімге 8-бөлімде көрсетілген дайындық деректері қосылады.
4Деректерді қалай өңдейміз
4.1. Дербес деректеріңізді мына мақсаттарда өңдейміз:
- Tutors.kz сервисінің мүмкіндіктерін ұсыну. Оқушылар репетиторларды іздеп, таңдап, олармен байланыса алады. Репетиторлар оқушыларды тауып, өз қызметтеріне қызығушылық танытқан оқушылармен байланыса алады.
- Tutors.kz сервисінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, оны пайдалануды ыңғайлы ету, жаңа сервистер әзірлеу және зерттеулер жүргізу.
- Оқушылар мен репетиторлардың Tutors.kz сервисін қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету.
- Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Tutors.kz ережелерінің бұзылуына, сондай-ақ Компанияға, Tutors.kz оқушылары мен репетиторларына қатысты алаяқтық әрекеттерге жол бермеу.
- Tutors.kz қолдау қызметіне түскен өтініштерге жауап беру.
- Маркетингтік науқандар өткізу. Ол үшін электрондық пошта, SMS, push-хабарламалар және басқа да хабар тарату тәсілдері, соның ішінде серіктестеріміздің көмегі пайдаланылады.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге міндеттерді орындау.
5Деректеріңізді қандай негізде өңдейміз
5.1. Дербес деректеріңізді келісіміңізбен өңдейміз. Қандай жағдайда келісімсіз өңдеуге болатыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
5.2. Тіркелгенде және репетиторға өтінім жібергенде дербес деректерді өңдеуге келісім сұраймыз.
5.3. Келісім аккаунт жойылған күннен бастап үш жыл бойы қолданылады. Аккаунт болмаса, келісім деректерді өңдеу мақсатына қол жеткізілгеннен кейін үш жыл бойы қолданылады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда деректер бұдан да ұзақ өңделуі мүмкін.
5.4. Әрекет қабілетіңіз болмаса, 18 жасқа толмаған болсаңыз немесе осы екі жағдай да сізге қатысты болса, осы саясатпен келісе отырып, оны қабылдауға заңды өкілдеріңізден жазбаша келісім алғаныңызды растайсыз. Әрекет қабілеті жоқ пайдаланушы Оператор алғаш сұратқаннан кейін 24 сағат ішінде заңды өкілдері тиісті түрде қол қойған келісімнің фотосын, скан-нұсқасын немесе көшірмесін ұсынуға міндетті.
6Дербес деректеріңізді кімге береміз
6.1. Оқуға өтінім жіберсеңіз, онда көрсетілген деректерді таңдаған репетиторыңызға береміз.
6.2. Деректерді сайт пен қолданбаның жұмысын қамтамасыз ететін серіктестерге береміз. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұрау келсе, деректерді мемлекеттік органдарға да береміз.
6.3. Деректерді алатын серіктестер
| Ұйымның атауы | Деректерді беру мақсаты | Серіктестің құпиялылық саясаты |
|---|---|---|
| «ФинCeрвисы» ЖШСҚазақстан, Алматы қ., Зенков к-сі, 59, № 130 кеңсе | Төлемдердің жүргізілуін қамтамасыз ету | Ашу |
| «Банк ЦентрКредит» АҚҚазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 38 | Төлемдердің жүргізілуін қамтамасыз ету | Ашу |
| «Транстелеком» АҚҚазақстан, Астана қ., Қонаев к-сі, 10, «Изумрудный» бизнес орталығы | Төлемдердің жүргізілуін қамтамасыз ету | Ашу |
| «ЯНДЕКС» ЖШҚ және Яндекс компаниялар тобына кіретін басқа тұлғаларРесей, Мәскеу қ., Лев Толстой к-сі, 16 | Сайт пен қолданбаларды пайдалану статистикасын талдау Жекелендірілген жарнамаларды көрсету Пайдаланушыларға қолдау көрсету және маркетинг | Ашу |
| Google LLCАҚШ, Калифорния, Маунтин-Вью, 1600 Amphitheatre Parkway | Сайт пен қолданбаларды пайдалану статистикасын талдау Жекелендірілген жарнамаларды көрсету Пайдаланушыларға қолдау көрсету және маркетинг | Ашу |
| OpenAI OpCo, LLCАҚШ, Калифорния, Сан-Франциско, 1455 Third Street | Tutors AI сервисінің жұмысын қамтамасыз ету | Ашу |
| «Cloudpard (Клаудпард)» ЖШСҚазақстан, Алматы қ., Медеу ауданы, Жібек Жолы даңғ., 50-ғимарат | Деректерді сақтау және өңдеу | Ашу |
7Рейтингтегі дербес деректер
7.1. Апталық рейтингтің басқа қатысушылары лақап атыңыз бен ұпайыңызды көреді. Лақап атыңызды дайын тізімнен таңдай аласыз.
7.2. Профиль баптауларынан рейтингтен шыға аласыз.
8Репетиторларға жіберілетін өтінімдердегі дербес деректер
8.1. Таңдаған репетиторыңызға өтінімде көрсеткен деректеріңіз, соның ішінде атыңыз, телефон нөміріңіз және пікіріңіз беріледі. Репетитор алған дербес деректердің сақталуына және одан әрі өңделуіне жауапты.
8.2. Өтінім жібергенде «ҰБТ-ға дайындық деректерімен бөлісу» белгісін қалдырсаңыз, репетитор мақсатыңызды, соңғы нұсқалардан алған балдарыңызды, жалпы балдың шамасын, мақсатыңызға қосқан бірінші ЖОО-ның өту балын, балыңыздың сол өту балынан айырмасын және ең көбі үш әлсіз тақырыпты көре алады.
9Деректерді үшінші тұлғалардың өңдеуі
9.1. Үшінші тарап ұйымдарына сервисте орналастырылған деректерді өз бетінше жинауға және өңдеуге, соның ішінде автоматтандырылған құралдармен жинауға тыйым саламыз.
10Дербес деректеріңізді қайда сақтаймыз және өңдейміз
10.1. Дербес деректеріңізді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтаймыз және өңдейміз.
10.2. Tutors.kz сервисі мен оның дерекқорлары Қазақстанның Алматы қаласында орналасқан.
11Дербес деректерді өңдеуге берілген келісімді қалай кері қайтаруға болады
11.1. Келісіміңізді кері қайтару немесе дербес деректерді өңдеу туралы сұрақ қою үшін қолдау қызметіне support@140ballov.kz мекенжайына жазыңыз.